Жаңалықтар

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Бердібек аға-классик аға» атты дөңгелек үстел өткізілді

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Бердібек аға-классик аға» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында кітапханашы Рауан Нұрланов балалар әдебитінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың өмірбаяны, әр жылдары жарық көрген шығармаларын таныстырып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан автордың «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» атты шығармаларын Брайль, жайпақ және аудио нұсқа түрінде жазылған кітаптарды алып оқи алатыны жайлы ақпарат берді.
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.10.2024

«Үздік жыл әдіскері-2024» облыстық байқауы өтті

2024 жылдың 4 қазан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен әдіскерлердің жан-жақты біліктілігін, кәсіби шеберлігін анықтау мақсатында «Үздік жыл әдіскері» облыстық байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең: «Мен әдіскермін» өзін таныстыруы 2 кезең: «Ұшқыр ой, ұтымды жауап» сұрақ-жауап 3 кезең: «Білікті маман - креативті жоба» жоба таныстырылымы Байқауға аудан, қала, ауыл кітапханаларынан 9 кітапханашы бақ сынасты. ІІІ дәрежелі дипломмен – Көксу аудандық кітапханасының әдіскері- Сатыбалдиева Толқын Калибековна, ІІ дәрежелі дипломмен – Ақсу аудандық кітапханасының әдіскері- Советбеков Дастан Махамбетұлы және І ші дәрежелі дипломмен Панфилов аудандық кітапханасының әдіскері- Илимахунова Кенжехан Сейтнуровна марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге Алғыс хаттар табысталды.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.10.2024

«Ұлт жанды сықақшы» атты ақпараттық сағат өтті.

Бүгін кітапхана шаңырағында жазушы – сықақшы Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлт жанды сықақшы» атты ақпараттық сағат өтті. Кеш барысында, қаламгердің өмірбаяны мен шығармалары айтылып, арнайы бейнетаспада Шона Смаханұлының ақын, сатирик, әнші, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткер екендігі айтылды. Сонымен қатар, «Ұлт жанды сықақшы» атты кітап көрмесіне «Үміт жұлдызы», «Қоңыраулы шеңгел», «Кездік», «Әнші әтеш» сияқты кітаптары қойылып, таныстырылды. «Өмір жолы» атты бейнетаспа көрсетіліп, «Мың пернелі домбыра» сынды көптеген өлең жолдарына талдау жүргізілді. Шараға Innoverse мектебінің 10 сынып оқушылары қатысып, Шона Смаханұлының туындыларына қанық болып, терең ой түйіп қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.10.2024

« Жүсіпбек Аймауытов тарихи дәуірінің символы» атты тұлғатану сағаты өткізілді

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде жазушы, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай « Жүсіпбек Аймауытов тарихи дәуірінің символы» атты тұлғатану сағаты өткізілді. Шара барысында бөлім меңгерушісі Гаухар Таукебаева қазақ әдебиетіндегі айтулы туындылар жазған Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаяны жайлы ақпарат беріп, осынау қысқа ғұмырында халқына аса үлкен бай мұра қалдырып кеткен автордың шығармаларынан тұратын «Аймауытов айшықтары» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізді. Шараға Қазақ соқырлар қоғамының қызметкерлері мен бөлімнің тұрақты оқырмандары қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.10.2024

«Қартын қадірлеген ел ардақты» атты кітапхана ардагерлерімен танымдық кеші өтті

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 1 қазан – Бүкіләлемдік қарттар күніне орай «Қартын қадірлеген ел ардақты» атты кітапхана ардагерлерімен танымдық кеш ұйымдастырылды. Шараға қонақ болып Күлтай Биғалиева, Бақтылы Жұмабекова, Мадина Масалимова, Раушан Қаймолдаева сынды ұлттың рухани азығы саналатын кітапханашы мамандығында көп жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер кітапханашылар мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Танымдық кештің шымылдығын С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың директоры Самал Шаяхметова құттықтау сөзімен ашып, ақ тілегін білдірді. Шара барысында шақырылған қонақтарға арнайы сөз беріліп, кітапхана саласында басталған еңбек жолдары мен өмірлерінің қызықты кезеңдерімен бөлісті. Сондай-ақ, жастарды таңдаған мамандығына адал болуға шақырып, өткен заманда да, қазіргі уақытта да, болашақта да кітапханашылар ақпарат мұхитындағы ең үздік маман ретінде және халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушылары болатын...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.10.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика